ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ – ДАЛА ДАНАЛЫҒЫНЫҢ БҮГІНГІ КӨРІНІСІ
Қазақ қоғамында ел тағдырын сөз еткенде кеңесіп, пікірлесіп, ортақ шешімге келу дәстүрі ежелден қалыптасқан. Осы тарихи сабақтастықты бүгінгі жастарға түсіндіру мақсатында Қызылорда медициналық жоғары колледжінде маңызды кездесу өтті.
Кездесудің басты тақырыбы: «Ұлттық құрылтай – дала даналығының бүгінгі көрінісі».
Ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Дәулет Омаров студенттермен жүздесіп, Ұлттық құрылтайдың қоғамдағы орны мен маңызы туралы ой бөлісті. Шара барысында дәстүрлі құрылтайлар мен қазіргі Ұлттық құрылтайдың арасындағы үзілмес сабақтастыққа ерекше назар аударылды.
Колледждің тәрбие бөлімінің меңгерушісі Гүлмира Балмаханова мұндай кездесулердің жастардың азаматтық көзқарасын қалыптастырудағы маңызы зор екенін атап өтті.
Тарих пен бүгінді жалғаған бұл басқосудың басты түйіні – елдік ойдың ұрпақтан ұрпаққа жалғасуы. Ал бабалар аманатын түсініп, оны қазіргі қоғамның талаптарымен сабақтастыра білу – жас буынның маңызды міндеті!












