«Сапалы медициналық көмек – сенімді қарым-қатынастан басталады!»
«Фармация» бөлімінің «Сан-гиг»-67 тобында «Медицина қызметкері мен емделуші арасындағы қарым-қатынас. Қағидалар. Медициналық құпиялылық. Ятрогения» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақты «Психология негіздері және коммуникативтік дағдылар» пәні оқытушысы Абсейтова Айгүл Көпболқызы өткізді.
Сабақтың негізгі мақсаты: болашақ мамандардың кәсіби қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, емделушімен сенімді байланыс орнату, медициналық этика нормаларын сақтау және кәсіби жауапкершілікті арттыру.
Сабақ барысында қарастырылған негізгі мәселелер:
• Медицина қызметкері мен емделуші арасындағы тиімді қарым-қатынастың маңыздылығы;
• Кәсіби этика және деонтология қағидалары;
• Медициналық құпиялылықты сақтау талаптары;
• Ятрогения ұғымы және оның алдын алу жолдары.
Сабақ барысында білім алушылар өзара пікір алмасып, сұрақ-жауап, жағдаяттық тапсырмалар мен тәжірибелік жұмыстар арқылы белсенділік танытты. Олар түрлі кәсіби жағдайларды талқылап, дұрыс әрі әдепті шешім қабылдау дағдыларын көрсете білді.
Медицина саласында терең біліммен қатар адамгершілік, әдептілік, мейірімділік және құпиялылықты сақтау — әрбір маманның басты міндеті. Болашақ фармацевтер осы құндылықтарды бойына сіңіре отырып, кәсіби біліктіліктерін шыңдауда.













