Соңғы оқиғалар
Колледжімізге келіп шеберлік сынып көрсеткен шетелдік қонақ жайлы өткен жарияланымда айтылған болатын. Кеше Илзе Ансуленің қатысуымен колледждегі “Акушерлік іс” мамандығының білім алушылары арасында “Үздік акушер” сайысы болып өтті. Сайысқа сарапшы ретінде облыстағы акушер мамандармен бірге қонағымызда қатысып жоғары баға берді
Аталмыш байқауға 1-курс студенттері қатысып, өзара бақ сынасты. Оқу орнының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары Г. З. Рүстемова мен Г. Е. Амирееваның ұйымдастыруымен өткен шарада үздік және белсенді жұмыс иелері арнайы Дипломдармен, Алғыс хаттармен марапатталды.
Кездесудің мақсаты жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын-алу. Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Оразбеков Н.Е. сөз алып тәртіпті, жақсы оқитын азаматтар болуға шақырды.
8-10 сәуір күндері колледжімізде “Страдыня” Рига университетінің халықаралық эксперті, “Акушерка” кәсіби бакалавр бағдарламасының директоры, акушерка Илзе Ансуле ханым іскерлік сапармен келді. Шетелдік қонақ акушерия саласындағы өз тәжірибесімен бөлісті. Оған тек білім алушылар мен оқытушылар ғана емес, аймақтағы «Ана мен бала» орталығы мамандары да қатысты. Бұл кездесудің мамандардың кәсіби шыңдалуына, акушерия…