Соңғы оқиғалар
Бүгін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен, облыс әкiмдiгiнiң ұйымдастыруымен денсаулық сақтау саласын жетілдіру және халықаралық тәжірибені ұштастыру мақсатында «Денсаулық сақтау саласындағы техникалық және орта білімнен кейінгі кәсіби мамандарды даярлау мен кәсіби іске асырудың заманауи талаптары» тақырыбында ғылыми конференция болып өтті. Шараға республика бойынша медициналық оқу орындарының, сондай-ақ алыс-жақын шетелдік…
Сіздерді қазан айында аталып өтетін Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің бала көңілдеріңіз әр шәкірттің жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шәкірт ұстазымен мақтанады. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сәттілік тілейміз. Еңбектеріңіз әрқашан жоғары бағаланып, шәкірттеріңіздің сүйіспеншілігіне бөлене…
«Ұстазыңды атаңнан да әзіз тұт!» ұранымен Мұғалімдер күні қарсаңында алғашқы мұғаліміне арналған бейне хабарлама түсіру челленджі “Шабыт” жобасы аясында “Емдеу ісі” 1 бөлімінен,”Емдеу ісі 2 бөлімінің студенттеріне челлендж жолдаймыз! >
02.10.2024 жылы Қызылорда медициналық жоғарғы колледжінде «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі!» атты «Сырғалым» қыздар клубының алғашқы отырысы болып өтті. Бұл іс – шараны өткізудегі негізгі мақсаты: дәстүрімізге сай әдептілік, инабаттылық, көріктілік, ептілік сияқты ұлттық асыл қасиеттерді қыздарымыздың бойына сіңіру болып табылады. Себебі болашақ ұлтымызды құрайтын ұрпақ бойына барлық жақсы қасиеттерді сіңіруші, жеткізуші,…