ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ

Соңғы оқиғалар


Оралхан Бөкей шығармаларындағы ұлттық құндылықтар

Қызылорда медициналық жоғары колледж кітапханасының оқу залында жазушы-драматург Оралхан Бөкейдің 80 жасқа толуына орай «Емдеу ісі – 57» топпен «Кербұғы» шығармасына талдау жүргізілді. Киелі Алтайдың тамаша табиғатын көркем тілмен кестелеген бірегей суреткер көркемөнер көкжиегін кеңейтті, қазақ прозасын көкке көтерген Оралхан өзгелерден озып туып, озық тұрды. Ару Алтай мен Оралхан есімі…

«ЖАСӨСПІРІМ» ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ.

2023 жылдың 22-24 қыркүйегі аралығында Қызылорда Облысының білім Басқармасы мен Қызылорда Облысының Полиция Департаментінің 2023 жылғы 19 қыркүйегіндегі №30-30/3187 санды хатына сәйкес «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасын жүзеге асыру барысында Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің инженер-педагогтарынан құралған топ полиция қызметкерлерімен бірге түнгі рейдке шықты. Іс-шараның мақсаты- облыс көлемінде кәмелетке толмағандармен және оларға…

Қызылорда облыстық Білім басқармасымен бірлескен жоспар негізінде Қызылорда медициналық жоғары колледжінің кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасында уытты заттарды алдын алу мақсатында «Салауатты өмір салтын ұстану-ел болашағы» тақырыбында сала мамандарымен кездесу өткізілді. Кездесуге колледждің жаңадан оқуға қабылданған білім алушылары қатысты.

Кездесу барысында Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығының маманы Әбдеш Әсел, Жастар денсаулығы орталығың маманы Алмурзаева Гүлдана мен колледж әкімшілігі бірлесе отырып түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты өскелең жас ұрпақты жеке бас денсаулығы мен қоғамдық ортаға бейімделіп, тәрбиелі, білікті маман болуға үлес қосу.