ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ

Соңғы оқиғалар


ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Бүгін Болашақ Жоғары Медицина Колледжінің 10 жылдығы мен 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай қыздар арасында спорттық ойындардан “КӨҢІЛДІ СТАРТ” сайысы өткен болатын. Сайыста колледжіміздің қыздарынан жасақталған “СҰҢҚАР” командасы БАС ЖҮЛДЕГЕ ие болды. Спортқа жаны құмар нәзік жандарымызды ұжым атынан құттықтаймыз!

“ҮЗДІК ФАРМАЦЕВТ-2023”

Колледжішілік байқауда “Фармация” мамандығының студенті Амангелді Анель “үздік” деп танылып, республикалық сайысқа жолдама алды. Студентті кәсіби сайысқа дайындаған фармация арнайы пәндер оқытушылары Калия Жунисова , Купеева Гулсара Амангелдиевна . Жеңімпазымызды құттықтай отырып, студентімізге алдағы үлкен байқауда топ жаруына сәттілік тілейміз!

КОЛЛЕДЖДІҢ 95 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ АЯСЫНДАҒЫ «АЛҒЫС АЙТУ»

Үстіміздегі жылы колледжіміздің құрылғанына 95 жыл толмақ. Аталған мерейтой аясындағы іс-шаралар жоспары ауқымды. Сондай шараның бірі- «Алғыс айту» күніне арналған «Шын жүректен, мың алғыс!» атты мерекелік кеш бүгін өтті. Мерекеге облыстық білім басқармасының басшысы М.З.Шермағанбет, денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары М.Ж.Шайымбетов, денсаулық саласы мамандары, ата-аналар, ұстаздар мен студенттер қатысты. Шараға…