Соңғы оқиғалар
Орыс тілі пәнінің ” педагог-сарапшы” санатты оқытушысы, озат тәжірбие мектебінің мүшесі Нуратова Гүлмира Әбдіғалиқызы “Сын тұрғысынан ойлау” технологиясының қыр- сырын меңгерген және ол әдістемелік ортадан қолдау тапты. Аталмыш технология өте күрделі, сондықтанда Гүлмира Әбдіғалиқызы кезең-кезеңмен оқыту бойынша өзінің тәжірибесінде қолданған тиімді ұсыныстары мен қызықты тәжірибесін үйретті
Химия пәнінің ” педагог-зерттеуші” санатты тәжірибелі ұстазымыз Биболатова Салтанат Нұрәліқызы STEM технологиясын сабақ беруде қолданудың тиімділігі бойынша өз тәжірибесін әріптестерімен бөлісті. Жалпы, баланың жүрегін оқытушы тек шеберлікпен игереді, яғни педагогикалық шеберлік. Бұл өте күрделі процесс. Бұл технология процестің бір бөлігі ғана Салтанат Нұрәліқызының шеберлік сыныбы көптің көңілінен шықты
Колледждің “педагог-модератор” санатты оқытушылары Саим Ләйлә мен Жұмағұлова Салтанат озат тәжірибе мектебіне білім алушылардың өзін өзін бағалауының педагогикалық шарттарымен таныстырды.