ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ

Соңғы оқиғалар


Нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай, Қызылорда облысының білім басқармасы, Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы, Қызылорда облысының мәдени және бірлескен жоспар негізінде колледжде ата аналар жиыны өткізілді.

“Дені саудың- жаны сау” тақырыбында өткен шараның мақсаты- бесіктен бастап денсаулықты, тазалықты жалпы құндылықты нығайтуға, жоғары тәлімге, жан-жақтылыққа үйрету қоғамдағы әр азаматтың міндеті екенін ұғындыру. Уытты заттардан, зиянды әдеттерден аулақ болу, оның алдын алуға қатысты құқықтық ақпараттар берілді.

“Жемқорлыққа жол жоқ”

Колледж білім алушыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру бойынша шаралар аясында <<Сыбайлас жемқорлық қоғамның өзекті мәселесі >> тақырыпта дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелде студенттер сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын кесу жолдары жайлы ой пікірлерін білдірді. Олардың пікірлерінен білімді парасатты жастар өсіп келе жатқандығын байқауға болады. Колледж заңгері Т.Нурумбетов еліміздегі сыбайластыққа…

“Global” пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен колледжішілік “Нашақор болмаудың 100 себебі”тақырыбында дебат турнирі өткізілді.

Мақсаты: студенттер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулықты сақтау мен нығайтуға қоғамдық жағымды пікірді қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу. Дебат турнирі қорытындысы бойынша І орын: “Жастар” фракциясы. ІІ орын: “Ұтқыр ой” фракциясы. ІІІ орын: “Жалын” фракциясы