Соңғы оқиғалар
Құрметті қызмет алушылар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2022 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында «Ашық диалог» алаңында онлайн нысанда сауалнама жүргізіп жатыр. Сауалнамаға белсенді түрде қатысуларыңызды сұраймыз.
24 қараша күні кітапхананың оқу залында «Мейіргер ісі» бөлімі І курс, 85-топ студенттеріне Ғабит Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романына талдау жүргізілді. Бұл жазушының роман жанрына келгендегі алғашқы туындысы еді. Шығарманың басты кейіпкері – Қайрош Сарталиев. Шығарма желісі соғыс жылдарындағы жауынгерлердің өмір шындығымен шектеліп қалмайды. Қарапайым халық тіршілігін кеңінен суреттейді.
Колледж кітапханашыларының ұйымдастырумен «Мейіргер ісі» бөлімі І курс, 83 топ студенттерімен «Бабалар үні» атты тақырыпта Ауызша журнал өткізілді. Биыл – Қаз дауысты Қазыбек бидің туғанына 355 жыл. Шешендік сөздер – қоғамдық тарихи – әлеуметтік жағдайларға, көшпелі өмір салтын ұстанған елдің тұрмыс тіршілігіне, құқығына байланысты терең ой, бейнелі, шебер тілмен баяндалған…
БҰЛ САЯСИ ДОДАДА ӘР АЗАМАТТЫҢ ДАУЫСЫ МАҢЫЗЫ!!!