Қызылорда облыстық Білім басқармасымен бірлескен жоспар негізінде Қызылорда медициналық жоғары колледжінің жасөспірімдер арасында зиянды әдеттердің алдын алу мақсатында «Ішімдіктен, есірткіден біз алшақпыз» тақырыбында сала мамандарымен кездесу өткізілді. Кездесуге колледждің фармация бөлімінің 170 білім алушысы қатысты.

Кездесу барысында Жастар денсаулығы орталығың маманы Алмурзаева Гүлдана мен колледж әкімшілігі бірлесе отырып түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Маман бүгінгі қоғамның бір дерті – ішімдік пен есірткі. Жақсылықтың пердесін ішімдік бұзып, жамандықтың есігін есірткі ашып жатыр. Арсыздық пен қылмыс та, абыройсыздық пен ұятсыздық та осындай зиянкес дүниелермен келетінін айтты. Іс-шараның негізгі мақсаты өскелең жас ұрпақты зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, білімге, өмірге құштар қылу.

You may also like...