ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ

Соңғы оқиғалар


«Мен алданбаймын» деп ойлау – алаяқтарға алданудың негізгі себебі

«Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында колледж студенттері мен қызметкерлеріне арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Кездесуге Қызылорда облысының полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты А. Дәуіржанұлы қатысты. Сала маманы қоғамда кибершабуылдар мен интернет-алаяқтық фактілерінің көбейіп отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, көптеген азаматтар киберсауаттылықтың төмендігінен зардап шегуде. Алайда…

Талғатқызының ұйымдастыруымен 18 жасқа толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруіне байланысты құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруіне байланысты құқықтық түсіндірме жұмыстары Қолданбалы бакалавр бөліміне қарасты 36-топта, топ кураторы Акбаева Айдана Талғатқызының ұйымдастыруымен 18 жасқа толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруіне байланысты құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түсіндіру барысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабына сәйкес төмендегі талаптар таныстырылды:…

Ашық тәрбие сағаты өтті

Е-17 тобында «Адалдық пен тәртіптілік – табысты өмірдің негізі» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты барысында білім алушылар адалдық, жауапкершілік және тәртіптілік ұғымдарының өмірдегі маңызын талқылап, өз ойларымен бөлісті. Топ жетекшісі: Дастан А.А.

«Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында құқықтық түсіндіру жұмыстары өтті

«Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында колледж студенттерімен құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кездесуге Қызылорда облысы прокуратурасы басқармасының прокуроры Ондасын Асылжан Ондасынұлы және ювеналды полиция бөлімшесінің аға инспекторы Ерназарова Алия Бабабекқызы қатысты. Сала мамандары «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында жастармен ашық сұхбат өткізіп, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған маңызды ақпараттармен…