Соңғы оқиғалар
Фармация-45 тобының студенттері Шымкент қаласындағы «SANTO» фармацевтикалық зауытында өндірістік практикадан өтті. Студенттер дәрілік заттарды өндірудің барлық кезеңдерімен танысып, заманауи технологиялық желілер мен GMP талаптарын үйренді. Сонымен қатар, өндірістегі қауіпсіздік ережелері, еңбек тәртібі және сапаны бақылау жүйесінің маңыздылығы туралы құнды мәліметтер алды. Практика студенттердің кәсіби ой-өрісін кеңейтіп, болашақ мамандықтарына деген қызығушылығын…
Қызылорда медициналық колледжі кітапханасында «Кітаппен басталған кәсіп – бәсекеге қабілетті» тақырыбында бір апталық оқу челленджі ұйымдастырылды. Челлендждің негізгі мақсаты – жастарды кітап оқуға ынталандыру, оқырмандардың ой-өрісін кеңейту, кәсіпкерлік дағдыларын дамыту және бәсекеге қабілетті маман ретінде қалыптасуына ықпал ету. Оқу челленджіне «Мейіргер ісі» – 40 топ студенттері белсене қатысты. Бір апта…
«Ғалымдар әлемі» атты ғылыми-танымдық фильмдер көрсету іс-шарасы өтті. Іс-шараға «Фармация» мамандығының 15-топ студенттері белсенді қатысып, өздері дайындаған ғылыми бағыттағы бейнематериалдар мен баяндамаларын ұсынды. Қарастырылған тақырыптар: • Протездер және олардың химиялық құрамы • Отандық QazVac вакцинасының жасалу жолы • Биохимиялық процестер және ғылыми зерттеулер • Иммунология: токсин–антитоксин ұғымы Іс-шара барысында мазмұнды…














