БІРЛІК КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Қызылорда медициналық жоғары колледжінде 39 өзге ұлт жастары білім алуда. Сонымен қатар, ұжымымызда кәріс және өзбек ұлтының өкілдері де тату-тәтті еңбек етуде.
Бұл мереке – достықтың, татулық пен ынтымақтың айқын нышаны. Әр шаңыраққа амандық, еңбектеріңізге табыс, еліміздің гүлденуі жолындағы істеріңізге береке тілейміз.
Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын!
Ізгі ниетпен,
Қызылорда медициналық жоғары колледжі










