Соңғы оқиғалар
Қызылорда медициналық жоғары колледжінде 14.09–19.09.2025 аралығында 1-курс білім алушыларына арналған «Білім алушының колледжге әлеуметтік-психологиялық бейімделуі» тақырыбында психологиялық ағартушылық жұмыстары өтті. Колледж психологтары А.Б. Бохаева мен Г.А. Нуратова ұйымдастырған шараның басты мақсаты – студенттердің жаңа ортаға үйренуіне көмектесу, тұлғааралық қарым-қатынасты дамыту және эмоционалдық тұрақтылықты қалыптастыру. Кездесу барысында студенттер келесі маңызды тақырыптармен…
19 қыркүйек күні Қызылорда медициналық жоғары колледжінің кітапханасында жастардың кітап оқу мәдениетін арттыру мақсатында «Кітаппен сөйлейтін студент» шеберлік алаңы өтті. Іс-шараға колледждің ҚБ-83 тобының 25 студенті, топ жетекшісі Махмут Қылышбек және кітапханашы Жанаева Феруза қатысты. Басқосуда Алаш арысы Міржақып Дулатовтың қазақ әдебиетіндегі тұңғыш романы — «Бақытсыз Жамал» шығармасы қызу талқыланды….
2026 жылдың 18 қыркүйегінде Қызылорда медициналық жоғары колледжінің «Жастар Рухы» жастар қанаты студенттері экологиялық мәдениет пен қоғамдық белсенділіктің жоғары үлгісін көрсетті. Жалпыұлттық «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткен «Табиғатты қорға – болашақты сақта!» атты эковолонтерлар сайысына біздің студенттер белсене қатысып, туған өлкенің көркеюіне өз үлестерін қосты. Еңбек еленді! Қоршаған ортаны қорғауға…
17 қыркүйек күні Қызылорда қалалық «QOSYL» жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Волонтерлік негіздер» тақырыбында бір күндік оқыту тренингі өтті. Іс-шараға Қызылорда жоғары медициналық колледжінің 5 белсенді студенті қатысып, волонтерлік қызметтің негізгі бағыттары мен қағидалары, әлеуметтік жобаларды ұйымдастыру, командалық жұмыс, көшбасшылық және қоғамдық бастамаларды жүзеге асыру бойынша пайдалы ақпараттар мен тәжірибелер алды….














