Тазалық — салауатты болашақ кепілі!
2026 жылдың 18 қыркүйегінде Қызылорда медициналық жоғары колледжінің «Жастар Рухы» жастар қанаты студенттері экологиялық мәдениет пен қоғамдық белсенділіктің жоғары үлгісін көрсетті.
Жалпыұлттық «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткен «Табиғатты қорға – болашақты сақта!» атты эковолонтерлар сайысына біздің студенттер белсене қатысып, туған өлкенің көркеюіне өз үлестерін қосты.
Еңбек еленді!
Қоршаған ортаны қорғауға және қала тазалығына қосқан елеулі үлесі үшін Қызылорда медициналық жоғары колледжі Қызылорда қалалық қоғамдық даму бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Бұл марапат — білімге құштар, экологияға жауапкершілікпен қарайтын белсенді жастарымыздың ортақ жетістігі. Білімді және жауапты жастар — ел болашағының берік негізі!











