ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ

Соңғы оқиғалар


“АУРУ- АУЫЗ ҚУЫСЫНАН БАСТАЛАДЫ”

“Стоматологиялық пәндер” бірлестігінің осындай тақырыппен кеше басталған апталығы бүгін “Түлектер жәрмеңкесі” атты шарамен жалғасты. Аты айтып тұрғандай ағымдағы жылдың маусым айында колледжіні “Стоматология” мамандығы бойынша бірнеше түлек бітірмекші. Шараға келген қаламыздағы стоматологиялық клиникалардың директорлары осы бітірушілердің кәсіби дағдысы мен практикалық машықтарын сыннан өткізді. Сыннан сәтті өткен білім алушыларымызды диплом алғаннан…

Бүгін “Арнайы стоматологиялық пәндер” бірлестігінің “АУРУ-АУЫЗ ҚУЫСЫНАН БАСТАЛАДЫ” атты пәндік апталығы басталды.

Таңғы сағат 8.00-ден бастап Стоматология мамандығының студенттері апталықтың ашылу шарасы аясында оқытушылар мен білім алушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады, холл тақырыпқа сай безендірілген, сондай ауыз қуысының гигиенасын насихаттау мақсатында тіс щеткасы таратылды. Бірлестік жетекшісі Толкын Кушербаева апталық 5 сәуірге дейін жалғасатынын айтты. Апталыққа сәттілік тілейміз!

Колледжіміздің химия пәнінің оқытушысы Мамадосов Дастан.

Педагог-сарапшы санатты оқытушы Д.Мамадосов Озат тәжірибе мектебінің мүшесі, ол өз тәжірибесінде “Пәнаралық байланыстарды -тиімді құрастырудың жолдары” тақырыбын насихаттап жүрген ұстаз. Бүгінгі ашық сабағында өз зерттеуін әріптестерге көрсетті.

Қош келдің, әз – Наурыз

Жер-дүниені жаңартып, бусандырып жеткен Ұлыстың Ұлы күні Наурыз – шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы құтты болсын! Қазақ халқы Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын үлкен құрметпен есте қаларлықтай тойлауды үрдіске айналдырған. Күн мен түн теңеліп, күн жылынып, қар еріп, жыл құстары келе бастайтын мерзім. Бұл күні қуанбайтын, шаттанбайтын адам болмайды,…