Соңғы оқиғалар
1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай колледжімізге АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының дәрігері Жұмабекова Гүлсім Рахманбергенқызы келіп, білім алушыларға қатерлі дерттен сақтану жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Дәріс барысында маман ЖИТС (СПИД) – иммундық жүйенің зақымдануы нәтижесінде ағзаның қорғану қабілетінің төмендеуінен туындайтын аса қауіпті жағдай екенін түсіндірді. Сонымен…
30 қараша күні Асқар Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде «Атадан – мұра» қоғамдық қоры ұйымдастырған «Ұлы Дала ұрпағы» атты республикалық көркем сөз оқу байқауы болып өтті. Байқауға колледжіміздің 1 курс білім алушысы Сәруар Ақниет Ілиясқызы қатысып, жүлделі 2- ші орын иеленді. Ақниет Диплом, медаль, статуэтка және Алматы қаласында және шет…
Бүгін Достық үйінде медицина саласының ардагері, дәрігер – ұстаз Раиса Әбдешқызы Көзденованың 80 жылдық мерейтойына арналған «Сапалы медициналық көмек — медициналық білім берудегі оқыту тәсілдерін жаңғырту мен кәсіби құзыреттілікті дамыту нәтижесі» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Алғаш болып, «Раиса Көзденова – медицина және педагогика тоғысындағы кемел тұлға!» атты деректі фильм…
Бүгін колледждің білім алушылары Облыстық психикалық денсаулық орталығының уақытша бейімдеу және детоксикация бөлімшесіне барып, орталық мамандарынан ақпараттық-танымдық мәлімет алды. Кездесу барысында профилактикалық жұмыстарға жауапты маман Байдуйсенова Кенже Жүзбайқызы білім алушыларға зиянды әдеттердің адам денсаулығына және өмір сапасына тигізетін кері әсері жөнінде жан-жақты түсіндіріп, олардан аулақ болуға шақырды. Шараның мақсаты –…














