Соңғы оқиғалар
«Полиция және бала» акциясы аясында Қызылорда медициналық жоғары колледжінің студенттері полиция департаментіне саяхатқа барды. Іс-шара облыстық білім басқармасы, полиция департаменті және денсаулық сақтау басқармасының «2024-2025 оқу жылына арналған құқық бұзушылық, буллинг, есірткі, лудомания, вейп темекі, интернетке тәуелділіктің алдын алуға бағытталған профилактикалық бірлескен іс-шаралардың қадамдық жұмыс жоспары» аясында ұйымдастырылған. Акция кезінде…
”Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мен “Болашақ” жоғары медициналық колледжі және Қызылорда облысы бойынша кәсіби даму институты ТжКББ ұйымдары білім алушылары арасында “Жасанды интеллект: жаңа мүмкіндіктер” тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Емдеу ісі 132-топ студенті Омар Тоғжан “Білім алудағы цифрлық технологиялар және жасанды интеллект” тақырыбында өз жұмысын қорғады. Білім алудағы жаңа…
Жатақхана тұрғындарымен колледждің педагог – психологтары А.Ж.Жәрімбетова, Ж.Е.Әшімова және әлеуметтік педагог А.Отарбаева «Сен маған керексің!» тақырыбында психологиялық тренинг жүргізді. Тренинг мақсаты: ❖ Жатақхана тұрғындарының көңіл – күйін игеруге, басқаруға, қадағалауға, дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу; ❖ Тұрғындардың көңіл – күйін жақсарту, қарым – қатынасты нығайту, өзін еркін сезінуге көмектесу; ❖ Бір…
«Әлеуметтік-экономикалық пәндер» бірлестігінің «Тәуелсіздік-мемлекеттілігіміздің алтын діңгегі, дербестігіміздің берік негізі» тақырыбындағы апталық аясында «Ұлт тарихы: Ұлы тұлғалар» атты колледжішілік ғылыми-теориялық конференция болып өтті. Конференцияның мақсаты — ұлт тарихын оқи отырып, ондағы ұлы тұлғалар бейнесін оқып үйрену арқылы ізгілендірілген қоғамдық өмірге ілесе алатын, бәсекеге қабілетті ойшыл, шығармашыл жаңа ұрпақты қалыптастыру, ұлы тұлғаларымыздың…