ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ

Соңғы оқиғалар


КӘСІБИ БАҒДАР – ӨМІРГЕ БАҒДАР

2023 жылдын 27 ақпан күні Серәлі Лапин атындағы №261 орта мектептің 9 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру мақсатында колледж оқытушысы Зейнебай Гүлзира Ермұратқызы кездесу өткізді. Кездесуде мамандық таңдауда ұстанатын басты қағидаларға тоқталып, оқушылар сұрақтарына жауап берді. Соңы пікір алысу алаңына айналып, кеңестер берілді.

24.02.2023жылы Қызылорда медициналық жоғары колледжі кітапханасының ұйымдастыруымен 1 наурыз – Алғыс айту күніне байланысты «Құшағын ашқан бәріне, Туған жер саған мың алғыс» атты колледж ішілік ,мәнерлеп оқу сайысы өтті.

Мақсаты: Алғыс айту туралы түсінік беру; үлкен – кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым – қатынасын дамыту; әдептілік, кішіпейілділік, ізгілікке тәрбиелеу. Колледж білім алушыларының І курс арасынын 17 студент қатысты. Сайысқа – Казақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Әлиакбар Қамарсұлу, әдістемелік бөлімнің әдіскері Айжанова Гулназ, кітапхана меңгерушісі Раманкулова Айнур Есенжолқызы төрелік…

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Болашақ Жоғары Медицина Колледжі мен Ә.Тәжібаев ат. Облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен өткен халық жазушысы Қ.Мұхамеджановтың 95 жылдығына арналған “ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЛТАЙЫ” атты облыстық әдеби байқаудан студентіміз Руслан Бибіасыл ІІ ОРЫН алып, колледжіміздің мерейін асырды. Бибіасылды байқауға баптаған қазақ тілі пәнінің оқытушысы Абизова Әлия. Жеңімпаз студенттіміз бен жетекшісі Маханбетханқызы Әлия ны…

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Болашақ Жоғары Медицина Колледжі мен Қызылорда Облыстық Оқу Орталығының ұйымдастыруымен өткен “МЕНІ ҚЫЗЫҚТЫРАТЫН ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ӘЛЕМІ” атты облыстық сайыстан студентіміз Төлепберген Рамазан І ОРЫН алып, колледжіміздің мерейін көтерді. Рамазанды сынақ бәйгесіне баптаған химия пәнінің оқытушысы Сейтжанова Маржан. Шәкірті мен жетекшісін ұжым атынан құттықтай отырып, алар асуларыңыз биіктей берсін демекпіз!