ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ

Соңғы оқиғалар


ОҚЫТУШЫМЫЗ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК- СЫНЫП ӨТТІ

Бүгін колледжінің 95 жылдығына арналған іс-шаралар шеңберінде «Химияны оқытуда виртуалды зертхананы қолдану және оның тиімділігі» атты республикалық практикалық онлайн шебер сыныбы болды. Шеберлік- сыныпты химия пәнінің оқытушысы, “педагог- зерттеуші” Биболатова Салтанат Нұрәліқызы өткізді. Шеберлік – сыныпта «Лабораториялық диагностика» мамандығының кәсіптік және арнайы пәндері «химия», «органикалық химия», «аналитикалық химия” пәндерін жүргізудің…

Бүгін колледжімізде Облыстық оқу орталығымен бірлесе отырып “ҰЛАҒАТТЫ ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ БҮГІННЕН БАСТАЛАДЫ” атты облыстық конференция өтті.

Аты айтып тұрғандай қазіргі уақыттағы жасөспірімдер тәрбиесіне ұлттық құндылықтарды сіңіру, этнопедагогикамен тәрбиелеудің мәселелері сөз болды. Конференция мазмұнды тәрбие сағатымен сахналанып, соңында психологиялық энерджайзермен жалғасты. Колледж директоры Салтанат Сейткалиқызы қатысушыларды марапаттап, қатысқандары үшін алғыс білдірді

Қызылорда медициналық жоғары колледжінің «Емдеу ісі – 2» бөлімінің ер балаларына жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты алдын алу мақсатында толыққанда кәсіби маман дайындауда түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Аталған іс-шараға Қызылорда полиция капитаны – Р.Ғ.Арынғазиева, полиция аға лейтенанты – Р.Н.Жұмаділдаев колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, бөлім меңгерушілері, колледж психологтары,әлеуметтік педагогтар, топ жетекшілер қатысып ақпараттандырылып, сұрақ жауаппен қорытындыланды.