ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ

Соңғы оқиғалар


КОЛЛЕДЖ ҰЖЫМЫ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРУДЕ

Бүгін Қазақстанда жаңа Конституция бойынша республикалық референдум өтуде. Қызылорда медициналық жоғары колледж қызметкерлері референдумға қатысып, өз сайлау учаскелерінде дауыс берді. Референдумда дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Баршаңызды белсенді қатысуға шақырамыз!

«Бір сұрақ – бір қалам» білім сайысы өтті

Қызылорда медициналық жоғары колледжінің 1-корпусында «Жалпы кәсіптік пәндер-2» бірлестігі ұйымдастыруымен «Бір сұрақ – бір қалам» атты танымдық ойын өткізілді. Іс-шара анатомия, физиология және патология пәндері бойынша білімді тереңдетуге, студенттердің ғылыми ойлау қабілетін дамытуға және пәнге деген қызығушылығын арттыруға бағытталды. Іс-шара барысында: Қатысушылар тіркеліп, қажетті материалдармен қамтамасыз етілді; Ұйымдастырушылар іс-шараның мақсаты…

«Ағза және ауру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Қызылорда медициналық жоғары колледжінде «Анатомия, физиология және жалпы патология» пәні аясында «Ағза және ауру» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шара 2-оқу ғимаратының 206 кабинетінде өтіп, І курс ҚБ-89 топтың 2-топша білім алушылары белсенді қатысты. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – студенттердің адам ағзасының құрылысы мен қызметі туралы білімдерін тереңдету, аурулардың пайда болу…

Жалпы кәсіптік пәндер–2 апталығы аясында

Анатомия пәнінен «Анатомия білгірлері» атты олимпиада өткізілді. Олимпиаданың мақсаты: Анатомия пәні бойынша студенттердің теориялық және практикалық білімдерін тексеру, адам ағзасының құрылысын терең меңгеруге ынталандыру, ғылыми-танымдық қызығушылығын арттыру. Олимпиада жеңімпаздары: 1 орын – Е1 тобы 2 орын – М4 тобы 3 орын – Е31 тобы Қатысушылар өз білімдері мен шеберліктерін көрсетіп,…