ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ

Соңғы оқиғалар


«Тұз терапиясы» психологиялық қолдау тренингі

Қызылорда жоғары медициналық колледжі жатақханасында студенттер арасында «Тұз терапиясы» атты психологиялық қолдау тренингі өткізілді. Іс-шараны С.А. Ералиева және психолог А.Б. Бохаева ұйымдастырды. Тренингтің мақсаты – студенттердің эмоционалды жағдайын жақсарту, ішкі шиеленісті азайту және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Шара барысында қатысушылар психологиялық жаттығулар орындап, тұз арқылы сурет салу әдісімен танысты. Бұл әдіс:…

«Алаш рухы – оқылған кітапта»

Қазақ халқының ұлы тұлғасы, Алаш қозғалысының көшбасшысы Әлихан Бөкейханұлының туғанына 160 жыл толуына орай кітапханашы сағаты ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа Әлихан Бөкейханұлының өмірі мен қоғамдық қызметін таныстыру, оның бай мұрасын насихаттау және отансүйгіштік рухты қалыптастыру. Тарихта өшпес із қалдырған Әлихан Бөкейханұлы – ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының…

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖҮРЕК ІСІ

Қасиетті Рамазан айының мейірім мен қайырымдылыққа үндейтін рухани құндылықтарын негізге ала отырып, «Емдеу ісі-1» бөлімі оқытушылары мен студенттері игі бастама көтерді. Ұжым бірлесіп «Жақсылық қораптарын» ұйымдастырып, жастайынан ата-анасынан айырылған екі студентке табыстады. Қораптарға күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік пен пайдалы заттар салынып, шынайы жанашырлықпен әзірленді. Бұл шара – тек материалдық көмек…

АТА ЗАҢ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК: ҰЖЫМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ ӨТТІ

Қызылорда медициналық жоғары колледжінде ұжыммен кездесу өтті. Онда колледж директоры Жанар Қалмақова Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер бойынша мазмұнды баяндама жасады. Баяндамасында Ата Заңға енгізілетін толықтырулардың маңызына тоқталып, олардың ел дамуы мен қоғам өміріндегі рөлі туралы кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар алдағы республикалық референдумның маңыздылығын атап өтіп, әрбір азаматтың белсенділігі –…