ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ

Соңғы оқиғалар


ӘРІПТЕСІМІЗ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА

Бүгін Талдықорған қаласында өткен “Денсаулық саласы” бойынша медициналық жоғары колледжілердің арнайы пәндер оқытушылары арасында өткен кәсіби байқауда колледжіміздің хирургия пәнінің оқытушысы ЖИДЕБАЕВ АЙДОС КҮМІСБЕКҰЛЫ жүлделі ІІ орын иеленді. Республикамыздың әр жерінен келген 17 сайыскерлердің ішінен топ жарып жүлделі орынның бірін қанжығасына байлаған Айдос Күмісбекұлына ұжым атынан ризашылығымызды білдіріп, алдағы еңбек…

Колледж білім алушыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру бойынша шаралар аясында Емдеу ісі-107 топқа “Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті” тақырыбында тәрбие сағаты өтті.

Колледждің бастапқы әскери дайындық пәні оқытушысы Төлеген Б. және Комплайнс қызметкері А. Жарылқасынұлының қатсыуымен өткен пікір алаңында студенттер жемқорлыққа төзбеушілік жайлы ойларын айтты

Биыл КСРО, Қазақстан және Қырғызстанның Халық әртісі, әлемге әйгілі әнші Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толды.

Ұлы қазақ әншісі туралы естелікті сақтау мақсатында «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» бөлімінің ІІ курс ҚБ-39 тобында «Роза Бағлановаға 100 жыл» атты ашық топ сағаты өтті. Оған тәрбие бөлімінің меңгерушісі, топ эдвайзерлері және білім алушылар қатысты. Топ сағатында білім алушылар өз өнерлерін ортаға салып, жоғары деңгейде өтті.