ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ

Соңғы оқиғалар


КӘСІБИ БАҒДАР ЖҰМЫСТАРЫ

Бүгін, #278 IT мектеп-лицейінде “Мамандығым-болашағымның кепілі” атты мамандық таңдау кеші өтті. Қызылорда медициналық жоғары колледжі тарапынан колледжіміздің оқытушысы Акбаева Айдана Талғатқызы қатысты. Білім алушыларға мамандық таңдау маңызды екенін, медициналық мамандықтардың өте үлкен жауапкершілікті қажет ететінін атап өтті. Білім алушылар өздерінің қызықтыратын сұрақтарын қойып, толық мағлұмат алды.

Интербелсенді оқыту әдістерінің бірі – «Сатылай кешенді оқыту»технологиясы.

Интербелсенді оқыту әдістерінің бірі – «Сатылай кешенді оқыту»технологиясы. Осы технологияны колледжде жас мамандар мен әріптестер ортасында насихаттап жүрген қазақ тілі пәнінің оқытушысы, озат тәжірибе мектебінің мүшесі Рүстемова Гүлзия Зейнуллақызы. “Педагог-сарапшы” санатты оқытушы технологияның бірнеше әрекеттеріне кеңінен түсіндірме беріп, өз тәжірибесінен үзінді көрсетті

Білім алушы жаңа сабақты алғаш қабылдауда міндетті түрде кедергіге тап болады.

Білім алушы жаңа сабақты алғаш қабылдауда міндетті түрде кедергіге тап болады. Осы тұста оқытушының сан қырлы еңбегі маңызды. Сондай нәтижелі жұмысты озат тәжірибе мектебінің мүшесі, ” педагог-сарапшы” санатындағы ұстазымыз, химия пәнінің мұғалімі Мамадосов Дастан өз тәжірибесінде насихаттап жүрген оқытушы. “Кедергілерді жою” технологиясын ұтымды пайдалана білгенде білім алушылардың ғылыми көзқарасын да…

Орыс тілі пәнінің ” педагог-сарапшы” санатты оқытушысы, озат тәжірбие мектебінің мүшесі Нуратова Гүлмира Әбдіғалиқызы “Сын тұрғысынан ойлау” технологиясының қыр- сырын меңгерген және ол әдістемелік ортадан қолдау тапты

Орыс тілі пәнінің ” педагог-сарапшы” санатты оқытушысы, озат тәжірбие мектебінің мүшесі Нуратова Гүлмира Әбдіғалиқызы “Сын тұрғысынан ойлау” технологиясының қыр- сырын меңгерген және ол әдістемелік ортадан қолдау тапты. Аталмыш технология өте күрделі, сондықтанда Гүлмира Әбдіғалиқызы кезең-кезеңмен оқыту бойынша өзінің тәжірибесінде қолданған тиімді ұсыныстары мен қызықты тәжірибесін үйретті