ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ

Соңғы оқиғалар


10 мамыр күні сағат 13.00 де І.Қабылов атындағы №12 ақпараттық-технология мектеп лицейінде 9 сыныптар арасында ұйымдастырылған

“Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан” тақырыбында өткізілген мамандық таңдау кешінде Қызылорда медициналық жоғары колледжінің оқытушысы Зейнебай Гүлзира Ермұратқызы оқушыларға медициналық мамандықтар жайында ақпараттар берді және оқушылар көкейде жүрген сұрақтарына жауап алды

9 – мамыр

Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай колледждің Жастар комитетінің төрайымы Кұралай Абдрахманқызы, колледждің әлеуметтік педагогы Жарылқасынұлы Абай жане колледждің студенттер парламентінің белсенділері қарттар үйінде мерекелік концерт қойып, тұрғындарға мерекелік көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Шара соңында қарияларымыз алғысын айтып, батасын берді.

Қызылорда медициналық жоғары колледжінің 95 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған «Мейіргер ісі» мамандығы ІІІ курс білім алушылары арасында өткізілген «Үздік мейіргер – 2023» атты облыстық байқауында

І орын Баймұханбет Аяулым Нұржанқызы, Қызылорда медициналық жоғары колледжі ІІ орын Жолдыбайқызы Айсұлу, Өркениет медицина колледжі ІІІ орын Теміршіқызы Нұрила, Болашақ жоғары медициналық колледжі ІІІ орын Ильясова Айжан Самитқызы, Қызылорда Авиценна медициналық колледжі марапатталды.