«Бабалар үні»

Колледж кітапханашыларының ұйымдастырумен «Мейіргер ісі» бөлімі І курс, 83 топ студенттерімен «Бабалар үні» атты тақырыпта Ауызша журнал өткізілді. Биыл – Қаз дауысты Қазыбек бидің туғанына 355 жыл. Шешендік сөздер – қоғамдық тарихи – әлеуметтік жағдайларға, көшпелі өмір салтын ұстанған елдің тұрмыс тіршілігіне, құқығына байланысты терең ой, бейнелі, шебер тілмен баяндалған халық шығармасы. Мағынасы терең, тілі көркем, терең тұжырымды, логикалық ойға құрылады. Шешендік сөздердің тарихына көз жүгіртсек, Асан Қайға, Қазыбек, Доспамбет сынды билерден бастау алып, отаршылдық кезеңіндегі Абайға дейінгі парасатты билермен жалғасын табады.


You may also like...