КОЛЛЕДЖДІҢ 95 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ АЯСЫНДАҒЫ «АЛҒЫС АЙТУ»
Үстіміздегі жылы колледжіміздің құрылғанына 95 жыл толмақ. Аталған мерейтой аясындағы іс-шаралар жоспары ауқымды.
Сондай шараның бірі- «Алғыс айту» күніне арналған «Шын жүректен, мың алғыс!» атты мерекелік кеш бүгін өтті. Мерекеге облыстық білім басқармасының басшысы М.З.Шермағанбет, денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары М.Ж.Шайымбетов, денсаулық саласы мамандары, ата-аналар, ұстаздар мен студенттер қатысты.
Шараға келген қонақтар мен қатысушылар көктемнің алғашқы күнінде «Тілек ағашына» өздерінің тілегі мен алғысын жазып ілді.
Мерекелік кешке келген қонақтар Қызылорда медициналық жоғары колледжінің әкімшілігі мен ұстаздарына ақжарма тілектерін арнап, Алғыс айту күнімен құттықтады. Сондай-ақ, ҚР Парламенті сенатының депутаты, колледжіні 6 жылға жуық басқарған А.Ш.Әлназарова, Ақтөбе және Шымкент қалаларындағы медициналық академияларда білім алып жүрген түлектер онлайн түрде мерекелік лебіздерін жеткізді. Колледж ұстаздары мен студенттерінің дайындаған мерекелік концерті қонақтарға шынайы көңіл-күй сыйлады.
Шара соңында Мейрамбек Зинабдинұлы, Мырзагелді Жангелдіұлы оқу орнының үлгілі, шығармашыл ұстаздарын басқармалардың мерекелік Алғыс хатымен марапаттады.