Monthly Archive: Сәуір 2023

ФАРМАЦИЯ АПТАЛЫҒЫ ӨТТІ

“Арнайы фармациялық пәндер” бірлестігінің апталығы қорытындыланды. Бес күнге созылған апталық мазмұнымен әртүрлігімен ерекше өтті. Назарларыңызда апталыққа шолу

ОҚЫТУШЫЛАРЫМЫЗ ҚАЛА МЕКТЕПТЕРІНЕ КӘСІБИ БАҒДАР ЖҮРГІЗУДЕ

Кеше №176 орта мектепте 9 сынып оқушыларына арналған “Мамандық таңдау – басты бағдарымыз” атты жәрмеңкесіне колледж оқытушылары Саим Ляйля мен Орынбасар Ботакөз қатысып, мектеп окушыларына медициналық мамандықтар бойынша кәсіби бағдар берді.

Сәуір айының 28-і күні Қызылорда медициналық жоғары колледжінің кітапханасы оқу залында «Ақындар жырлаған туған өлке» тақырыбы аясында Ф-45, Д-9 топтар арасында ашық тәрбие сағаты өтті. Іс-шараның мақсаты: ақын-жазушылардың туған жерге, табиғатқа аса ықыласпен жазылған туындыларымен таныстыру.

Әрбір адам өзі туып өскен жерін, табиғатын құрметтеп ерекше қастерлеу керек. Топ студенттері ақындардың туған жер туралы жырларын мәнеріне келтіріп, аса ықыласпен оқыды. Қызылорда өлкесі – жырға бай. Қазақ өлеңіне үлкен үлес қосқан талай...

Астана қаласындағы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде “META MEET” XIX республикалық студенттер шақырылымы өтті.

Іс-шараға Қазақстанның 20 өңірінен 100-ден астам ЖОО 700- ден астам колледждерден 1000 ға жуық жастар келді. Аскерлер білім, спорт, өнер сайыстарына қатысып, бақ сынасып, сонымен қатар жыл үздіктерінің қорытындысы шығарылды. Республикамыз бойынша “ҮЗДІК КОЛЛЕДЖ”...

Сәуір айының 27-і күні Қызылорда медициналық жоғары колледжі кітапханасы оқу залында Төлен Әбдіковтың «Өліара» романына М-103 топ студенттері арасында талдау жасалынды.

Төлен Әбдіковтың “Өліара” романы ел өмірінің тарихи күрделі кезеңіндегі әлеуметтік-саяси, мәдени-рухан ахуалын суреткерлікпен зерделеп, көркем бедерлеген белесті шығарма. Тәрбие сағатының тақырыбымен, негізгі мақсатымен топ жетекші Әлімжанова Айгерім таныстырып шықты. Жалпы Төлен Әбдіковтың өмірбаяны, шығармашылығымен,...

“ҮЗДІК МЕЙІРГЕР-2023” БАЙҚАУЫ ӨТТІ

27 сәуір күні «Мейіргер ісі» мамандығының 3 курс студенттері арасында «Үздік мейіргер – 2023» кәсіби сайысы болды. Кәскби құзіреттіліктері бойынша тәжірибелік дағдысын жоғары дәрежеде көрсеткен төмендегі білім алушылар жеңімпаз болды: ІІІ орын Мамбетова Гүлзат...

ОҚЫТУШЫМЫЗ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК- СЫНЫП ӨТТІ

Бүгін колледжінің 95 жылдығына арналған іс-шаралар шеңберінде «Химияны оқытуда виртуалды зертхананы қолдану және оның тиімділігі» атты республикалық практикалық онлайн шебер сыныбы болды. Шеберлік- сыныпты химия пәнінің оқытушысы, “педагог- зерттеуші” Биболатова Салтанат Нұрәліқызы өткізді. Шеберлік...

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Қазақстан Республикасы медициналық колледжілерінің “Емдеу ісі” мамандығы, 2 курс студенттерінің арасында “Медициналық көмек көрсетудегі қауіпсіздік және сапа” пәнінен өткен республикалық олимпиададан колледжіміздің студенті Ерсайын Азамат Едігеұлы ГРАН ПРИ ДИПЛОМЫН жеңіп алды.

Колледжіміздің абыройын көтерген студентіміздің жетекшісі, мейіргер ісі негіздері пәнінің оқытушысы Айжан Базарғалиқызы. Шәкірті мен ұстазына алдағы уақытта да үлкен шығармашылық табыстар тілейміз!!!

Бүгін колледжімізде Облыстық оқу орталығымен бірлесе отырып “ҰЛАҒАТТЫ ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ БҮГІННЕН БАСТАЛАДЫ” атты облыстық конференция өтті.

Аты айтып тұрғандай қазіргі уақыттағы жасөспірімдер тәрбиесіне ұлттық құндылықтарды сіңіру, этнопедагогикамен тәрбиелеудің мәселелері сөз болды. Конференция мазмұнды тәрбие сағатымен сахналанып, соңында психологиялық энерджайзермен жалғасты. Колледж директоры Салтанат Сейткалиқызы қатысушыларды марапаттап, қатысқандары үшін алғыс білдірді

Қызылорда медициналық жоғары колледжінің «Емдеу ісі – 2» бөлімінің ер балаларына жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты алдын алу мақсатында толыққанда кәсіби маман дайындауда түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Аталған іс-шараға Қызылорда полиция капитаны – Р.Ғ.Арынғазиева, полиция аға лейтенанты – Р.Н.Жұмаділдаев колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, бөлім меңгерушілері, колледж психологтары,әлеуметтік педагогтар, топ жетекшілер қатысып ақпараттандырылып, сұрақ жауаппен қорытындыланды.