80-ЖЫЛДАРДАҒЫ ТҮЛЕКТЕР КОЛЛЕДЖ ТӨРІНДЕ

Қызылорда медициналық жоғары колледжінің 95 жылдық мерейтойы және педагог-дәрігер, білікті ұйымдастырушы С.Т.Даутбаеваның 90 жылдық мерейтойы аясында «Мейіргерлік зерттеу нәтижелерін насихаттау алаңы» атты облыстық емдеу, алдын-алу мекемелері қызметкерлерінің қатысуымен ғылыми-теориялық конференция болып өтті.

Конференцияда 12-мамыр халықаралық мейіргерлер күніне орай шалғай ауылдарда табаны күректей 40 жылға жуық тынбай еңбек етіп жүрген біздің түлектерге колледж директорының атынан “КОЛЛЕДЖГЕ-95 ЖЫЛ” төсбелгісі табысталды.

You may also like...