Тіл – ұлттық қазына

Бүгін Қызылорда медициналық жоғары колледж кітапханасының оқу залында Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Емдей ісі – 21» топпен дөңгелек үстел өткізілді. «Халықтың мәңгі ғұмыры – оның тілінде. Әрбір тіл өз халқы үшін – ұлы» деп Шыңғыс Айтматов айтқандай Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл – әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры. Ендеше ұлттық, рухтың алтын діңгегі тіл мерекесі құтты болсын.

You may also like...