ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

21.10.2023 жылы Қызылорда медициналық жоғары колледжінде “25-қазан Республика күні” жобасы аясында тақырыбында колледж студенттері арасында футболдан жарыс өткізілді.Жарысқа I-курс студенттерінен құралған Реал, Сити, Барса, Арсенал, Бакалавр, 24-ші топ, 129-топ және де “Жалынды жастар” командалары қатысты.Тартысты,қызықты ойын нәтижесінде 1орынды-“Жалынды жастар”, 2 орын “Реал”, 3 орын “Бакалавр” командалары иеленді.

Сонымен қатар,үздіктердің үздігін де анықтап,нәтижесінде,”Үздік қақпашы” Кулахметов Олжас “Үздік шабуылшы”-Ермеков Нургелді, “Үздік қорғаушы”Октябрь Әлижан атанса, Сәруар Әділет“Үздік ойыншы” атағына ие болды.Командаларға кубоктар,дипломдар және арнайы марапат сыйлықтар табысталды.Жарысты ұйымдастырушы Қызылорда медициналық жоғары колледжінің денешынықтыру пәнінің мұғалімі Оракбаев Даурен Аралбаевич.Қатысқан командаларға,колледж ұжымына,рахмет айта отырып,жетекшіге алдағы оқу жылына сәттілік,толағай табыс тілейміз!Білімді,білікті дені сау ұрпақтарымыз көп болсын!

You may also like...