Қызылорда облыстық білім басқармасы, облыстық прокуратура, денсаулық сақтау мекеме сала мамандарымен бірлескен жұмыстар, Қызылорда медициналық жоғары колледжінде жалғасын табуда.

“Есірткісіз аймақ” жобасы аясында, “Денсаулық және болашақ” тақырыбында өткізілген кездесу есебі. 27.10.2023 жылы, 1,2курс білім алушылармен кездесу өтті. Кездесуге колледж медбикесі, психологы, валеолог маман қатысып түсіндірме жүргізілді. Кездесу барысында , нашақорлықтың жас ағзаға тигізер зиянды әсері, өкінішке ұрындырар, келешек өмірлеріне келтірер зияны туралы айтылды. Зиянды әдеттерден аулақ болып, өзін де, өзгені де жан-жақты қорғай білуге ұмтылу қажет. Денсаулыққа есірткі, уытты заттардың кері әсері болатыны белгілі. “Ендеше ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде” дейді дана халқымыз. Барша жамтарды білімді, кәсіби білікті, мықты жан-жақты болуға шақырамыз…

You may also like...