Шәкәрім ұлы тұлға!

«Мен кітапты ашамын, мен әлемді танимын»

2023 жылдың 28 қараша күні Қызылорда медициналық жоғары колледжі кітапханасының оқу залында «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын асыру мақсатында «Мейіргер ісі – 23» топпен Шәкәрімнің өлеңдеріне әдеби кейс өткізілді. Ақын «Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи, ғибадат пен адалдық ар үшін жи»,– деп, бақыттың өзі адалдыққа негізделетінін айта келіп, парасатты тұлға болып қалыптасу үшін адам бойындағы асыл қасиеттердің бірлікте болуы керектігін ашып көрсеткен. Ақын жастарға білімдіден ғибрат алуға, ақылмен ойлап іс қылуға, «құлқынның құлы болмай», «адамдық борыш – ар үшін қызмет ет»,–деп өсиет еткен.

You may also like...