ЖАСТАР ТӘРБИЕСІ БАРШАҒА!

Колледжінің білім алушыларына “Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу” тақырыбында Қызылорда ҚПБ ЖПҚб ЮПб УПИ-ры полиция капитаны Досмаганбетов Аскар Калдыбаевич түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары, әкімшілік құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы айтты. Балалардың кешкі беймезгіл уақытта көшеде жүрмеуі, құқық бұзушылық және қылмыс, нашақорлықтың алдын алу, интернет қауіпсіздігі мен суидцид, зорлық-зомбылық, ерте жүктіліктің алдын алу бағытында ақпараттық-танымдық тұрғыда баяндалды. Колледж директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Г.Е.Балмаханова қорытынды сөз сөйлеп, білім алушыларды білім алуға және түзу бағытта жүруге шақырды.

You may also like...