ЖОЛЫҢ БОЛСЫН ЖАС ТҮЛЕК!
Н.Бекежанов ат. облыстық драма театрда колледжіні бітірушілерге диплом табыстау рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы О.Искаков қатысып болашақ медицина мамандарының еңбек жолына сәттілік тіледі.
Биыл 500 ден аса түлектің қолына орта буынды медициналық маман дипломы- Қызылорда Медициналық Жоғары Колледжі нің дипломы табысталды.
Колледж директоры жанар Калмакова Жанар Амангельдиевна колледжінің ғасырға жуық тарихына қысқаша тоқталып, еңбекпен бақыт тапқан аға буын өкілдерінің ізін жалғайтын білікті маман болуға тілектестігін білдірді.