“Тері күтімі және ойылудың алдын-алу”
“Арнайы мейіргер ісі негіздері” пәнінің оқытушысы Дастан Азамат Асылханұлының ұйымдастыруымен «Мейіргер ісі негіздері» пәнінен “Тері күтімі және ойылудың алдын-алу” шаралары.
Ауыр халдегі пациенттерге күтім жүргізу” тақырыптарында Кдл-8 топ білім алушылары арасында ашық сабақ өтті. Үй тапсырмасы «Wordwall» программасы бойынша ұяшық таңдап,сұраққа жауап беру арқылы бағаланды.
Екінші тапсырма бойынша студенттер суреттерге анықтама беру арқылы жауап берді.
Оқытушы күтімнің барлық түрлерін көрсетіп, “Фазл” құрастыру арқылы жұптық жұмыс жүргізді.
Білім алушылардың барлығы стандартты мұғалімге көрсетіп, соңында “Quizizz” бағдарламасымен тест тапсырмалары алынып, кері байланыс жүргізілді.Не білдім?Не білгім келеді? Бүгінгі сабақ қызықты өттіма?деген сұрақтарға әр студент өз ойын айтты.
Ары қарай жаңа тақырып түсіндіріліп, ашық сабақ қорытыланды.