ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ -ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ
Алматы қаласында «Эмили» Жоғары медициналық колледжінде «Қазақстандағы мейірбике ісі реформасына 10 жыл. Жетістіктер мен мүмкіндіктері» атты ғылыми-конференция өтті.
Қызылорда медициналық жоғары колледжінен «Қолданбалы бакалавриат» бөлім меңгерушісі Кемелбаева Гүлайым Сапарбекқызы «Мейіргер ісі негіздері» пәнінің оқытушысы Мусабаева Сауле Бауыржанқызы қатысты.
Конференцияға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Ресей, Беларусь, Тәжікстан, Қырғызстан мемлекеттерінің сала мамандары, медициналық колледждер қауымдастығының өкілдері қатысты. Конференция “Қазақстан Республикасында мейіргерлік істің дамуы. 10 жылдағы негізгі өзгерістер”, «Мейіргер ісі мамандарын даярлаудағы тәжірибе мен заманауи тәсілдері»және “Мейіргер ісінің дамуындағы кәсіби қауымдастықтардың рөлі. Тәжірибе және мүмкіндіктер”, “Медициналық ұйымдарда мейіргерлік іс мамандарының қызметін ұйымдастыру сапасы” атты төрт пленарлық отырыстан тұрды.
Айта кету керек, Гүлайым Кемелбаеваның «Наркотикалық және психотроптық дәрілік заттар туралы мейіргердің білім деңгейі» тақырыбындағы материалы конференция жинағына ұсынылды. Конференция соңында сұрақтар қойылып, талқыланды. Ұсыныстар айтылды. Шешімдер қабылданды.
Жоғары деңгейдегі ұйымдастырушылығы үшін «Эмили» Жоғары медициналық колледжіне алғысымызды білдіреміз.