ДӘРІГЕР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУҒА ШАҚЫРДЫ
1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай колледжімізге АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының дәрігері Жұмабекова Гүлсім Рахманбергенқызы келіп, білім алушыларға қатерлі дерттен сақтану жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Дәріс барысында маман ЖИТС (СПИД) – иммундық жүйенің зақымдануы нәтижесінде ағзаның қорғану қабілетінің төмендеуінен туындайтын аса қауіпті жағдай екенін түсіндірді. Сонымен қатар облыстағы АИТВ жұқтыру жағдайлары жөнінде мәлімет беріп, жастарды ретсіз, ерте және тәрбиесіз жыныстық қатынастан сақтануға шақырды.
Шара соңында студенттерге сақтану жолдары жазылған ақпараттық үнпарақтар таратылды.












