(KAZ) МЕЙІРГЕРЛЕРДІҢ БІЛІМІ ЖАҢАРЫП, ТӘЖІРИБЕСІ ТОЛЫҚТЫ
Қызылорда медициналық жоғары колледжінде 16–20 ақпан аралығында «Мейіргерлік қабылдаудың дәлелді практикасы: клиникалық мейіргерлік нұсқаулықтар, мейіргерлік диагноздар» тақырыбында біліктілік арттыру циклы өтті.
Іс-шараны облыстық Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен Қызылорда медициналық жоғары колледжі және
Қызылорда облысының мейіргерлер ісі мамандарының ассоциациясы қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.
Семинар Қазақстан Республикасының 2024–2026 жылдарға арналған мейіргер ісін дамыту жоспарын іске асыру шеңберінде облыстық алғашқы медициналық-санитариялық көмек (МСАК) ұйымдарының кеңейтілген практика мейіргерлері мен колледждің «Мейіргер ісі» пәні оқытушыларына ұйымдастырылған.
Біліктілік арттыру циклын м.ғ.к., Еуропадағы Медициналық білім беру қауымдастығының мүшесі, Астана медицина университетінің Мейіргер ісі кафедрасының доценті Зәуре Байгожина және С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті Ғылыми-технологиялық паркінің Деректер орталығының басшысы, қауымдастырылған профессор Дарига Смаилова, «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша 2 – курс докторанты, «Семей медицина университеті» КеАҚ мейіргер ісі кафедрасының ассистенті Меруерт Болатова жүргізді.
Оқу барысында дәлелді мейіргерлік практика, клиникалық нұсқаулықтарды тиімді қолдану, мейіргерлік диагноз қою алгоритмдері мен заманауи кәсіби құзыреттер кеңінен талқыланды. Курс соңында қатысушы мейіргерлерге сертификаттар табысталды.

















