МЕЙІРГЕРЛЕР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Құрметті мейіргерлер, ардақты әріптестер!
Сіздерді 12 мамыр – Халықаралық мейіргерлер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мейіргер мамандығы – үлкен жауапкершілікті, мейірімділік пен төзімділікті талап ететін аса қадірлі кәсіп. Сіздер күн сайын адам денсаулығын сақтауда, науқастарға қамқорлық көрсетуде және олардың сауығып кетуіне үміт сыйлауда маңызды рөл атқарып келесіздер.
Ақ халатты абзал жандардың ішінде мейіргерлердің орны ерекше. Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз, жанашырлықтарыңыз бен адал еңбектеріңіз – денсаулық сақтау саласының берік тірегі.
Қызылорда медициналық жоғары колледжі ұжымы атынан барша мейіргерлерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс және кәсіби жетістіктер тілеймін. Ел игілігі жолындағы еңбектеріңіз әрдайым еленіп, абыройларыңыз асқақ болсын!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Құрметпен,
Жанар Амангелдіқызы,
Қызылорда медициналық жоғары колледжі директоры










