Қызылорда медициналық жоғары колледжінде «Жалпы кәсіптік пәндер – 1» бірлестігінің ұйымдастыруымен «Апаттар медицинасы» пәнінен «Фармакология» мамандығы «Ф-15» топ студенттерінің өзіндік жұмыстарын (СӨЖ) қорғау сабағы өтті.
Қызылорда медициналық жоғары колледжінде «Жалпы кәсіптік пәндер – 1» бірлестігінің ұйымдастыруымен «Апаттар медицинасы» пәнінен «Фармакология» мамандығы «Ф-15» топ студенттерінің өзіндік жұмыстарын (СӨЖ) қорғау сабағы өтті.
Пән оқытушысы Н.Е. Әбдіқаниевтің жетекшілігімен білім алушылар теориялық білімдерін тереңдетіп, белгіленген өзекті тақырыптар бойынша жүргізген зерттеулері мен ізденіс жұмыстарын сәтті қорғап шықты.
Тәжірибе алмасу және өзара сабаққа қатысу мақсатында өткен бұл шараға колледж оқытушылары А. Сейітова, Ж. Нұрхожаев, колледж психологы Г. Нуратова және колледж әдіскері А. Сейілханова қатысты.
«Ф-15» тобының болашақ медицина мамандары «Апаттар медицинасы» пәні аясында келесі маңызды бағыттарды қозғады:
• Құқық және этика: Апаттар медицинасындағы этика және құқық мәселелері
• Қауіпсіздік: Апаттар мен катастрофалардағы эпидемиологиялық қауіпсіздік
• Психология: Апаттар кезіндегі психологиялық көмек және стресс жағдайлары
• Фармакология: Жаппай зақымданулар мен апаттар кезіндегі фармакологиялық көмектің рөлі
• Логистика: Медициналық эвакуация және транспорттық көмек
Студенттердің еңбегін арнайы бекітілген критерийлер бойынша саралаған әріптестер сабақ соңында өз пікірлерін білдіріп, ізденушілердің дайындық деңгейіне жоғары баға берді.
Білім мен тәжірибені ұштастырған студенттерімізге сәттілік тілейміз!














