«Ұл бала – ұлт қорғаны»: Қызылорда медициналық жоғары колледжінде маңызды тәрбие сағаты өтті
21 қазан 2026 жылы Қызылорда медициналық жоғары колледжінде білім алушы ер балаларға арналған «Ұл бала-ұлт қорғаны» тақырыбында ауқымды тәрбиелік жиналыс ұйымдастырылды.
Жиналысты колледждің білікті ер мұғалімдері Б.Бектемірұлы, Н.Ердәулетұлы, А.Махмудұлы және басқа да пән оқытушылары жүргізді. Тәжірибелі ұстаздар болашақ ер азаматтармен ашық әңгіме өрбітіп, өмірлік бағыт-бағдар берді.
Жиналыстың басты мақсаты:
• Жас жеткіншек ұл балаларды өмірде адаспайтын тура жолға бағыттау;
• Ер азаматтардың қоғам, отбасы және ата-ана алдындағы қасиетті парызы мен міндеттерін терең түсіндіру;
• Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және оның зардаптары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Ұстаздар қауымы студенттерге ел қорғайтын ер мінезді, жауапкершілікті сезінетін және заңды қастерлейтін азамат болудың маңыздылығын баса айтты.
Ел үмітін ақтар, намысты да жігерлі ұлдарымыз көп болсын!









