ТАҒЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Қызылорда медициналық Жоғарғы колледжінің студенттері еңбек адамдары, көпбалалы аналармен кездесті.
“Ампнат” партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында өткен жиында алтын алқа, күміс алқа иегерлері өздерінің өмірінен, отбасылық тұрақтылық пен ауызбіршілік турасында ой-пікірлерін жеткізді.
Көпбалалы аналармен кездесуде студенттер отбасы бақыты мен бала тәрбиесі, қоғамдағы әйелдердің, көпбалалы аналардің рөлі жайында сауал жолдады.
Басқосуда партияның қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Гүлшат Исақызы жастарға бүгінгі таңда партия тарапынан жүзеге асып жатқан жобалар «Бақытты отбасы», «Әйелдер қанаты» жайлы ақпарат берді.





