АДАЛДЫҚ ҚАҒИДАТЫ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ!
Қызылорда медициналық жоғары колледжінің «Стоматология» мамандығы, Д-35 тобында заман талабына сай өзекті әрі маңызды тақырыпты арқау еткен «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты:
Білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті мен құқықтық сауаттылығын арттыру, бойларына адалдық, әділдік және жауапкершілік секілді адами құндылықтарды сіңіру.
Тәрбие сағаты барысында болашақ мамандар қоғамдық дерттің алдын алу жолдарын қызу талқылап, өздерінің азаматтық позициялары мен тұшымды ойларын ортаға салды. Студенттер қоғамда тек заң талаптарын қатаң сақтау арқылы ғана таза әрі дамыған мемлекет құруға болатынын алға тартты.
Топ жетекшісі Салтанат Мейірбекқызының ұйымдастыруымен өткен бұл шара жастарды парасаттылыққа, кәсіби тазалыққа және адал еңбек етуге шақыратын мағыналы кездесу болды.
Жемқорлықтан ада қоғам құру – баршамыздың ортақ міндетіміз!











