ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – БАРШАҒА ОРТАҚ ТАЛАП
Бүгін, 20 қазан 2026 жылы, Қызылорда медициналық жоғары колледжінің Мәжіліс залында «Заң мен тәртіп» ведомствоаралық іс-шара жоспары аясында маңызды кездесу өтті.
Студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру және қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған түсіндірме жұмысын учаскелік инспектор, полиция майоры Соболев Витали Алексеевич жүргізді.
Кездесу барысында қоғамдағы ең өзекті мәселелер талқыланды:
• Құқық бұзушылық пен вандализмнің алдын алу;
• Буллинг, кибербуллинг және интернет-алаяқтықтан қорғану жолдары;
• Нашақорлық пен лудоманияның (құмар ойындардың) жастар болашағына тигізер қаупі;
• Зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және деструктивті діни ағымдардың теріс әсері.
Шараға «Емдеу ісі», «Мейіргер ісі» және «Стоматология» мамандықтарының 1-курс студенттері белсенді қатысып, көкейкесті сауалдарына тұщымды жауаптар алды.
Заңды білу және тәртіпті сақтау — әрбір болашақ медицина маманының басты міндеті!











