(KAZ) «Мейіргерлер» шеберлік сынып өтті
25 қаңтарда «Арнайы мейіргер ісі негіздері 1,2» бірлестігі «Мейіргерлік технологиялар» тақырыбында шеберлік сабағын өтті. Шеберлік сабақта
1.Ауыр халдегі пациенттердің жеке бас гигиенасы
2.Дәрілік заттарды парентеральді тәсілмен енгізу
«Ауыр халдегі пациенттердің жеке бас гигиенасы» тәжірибелік сабағында: —Пациентке көз күтімін жүргізу техникасы
-Мұрын күтімін жүргізу техникасы
-Ауыз қуысының күтімін жүргізу техникасы
-Құлақ күтімін жүргізу техникасы
-Тері күтімі, ойылудың алдын алу және мейіргерлік күтім
тақырыптары бойынша муляжда пациенттің толық күтім техникасын «Мейіргер ісі негіздері» пән оқытушысы Аймурзаева А.Б. көрсетіп шықты.
Шеберлік сабақ барысында пән оқытушысы сабақтың маңыздылығы- күтім кезінде пациенттің ауруына қарай әр түрлі жағдайдағы күтімді көрсете отырып, ерекшеліктеріне тоқталып өтті: төсектегі жағдайы, мүмкіндіктері. Күтімге қажетті заттарды дайындау, қолдану және пайдаланған медициналық құралдарды залалсыздандыру тәртібімен таныстырып өтті.
2. «Дәрілік заттарды парентеральді тәсілмен енгізу» тәжірибелік сабағында: — Тері ішіне егу жасау техникасы
– Тері астына егу жасау техникасы
– Бұлшықет ішіне егу жасау техникасы
– Көктамырға егу жасау техникасы
– Көктамыр ішіне тамшылатып система құю техникасы
тақырыптары бойынша муляжда егу техникаларын «Мейіргер ісі негіздері» пән оқытушысы Прманова Ш.Ш. көрсетіп шықты. Пән оқытушысы парентеральды егудің көрсетілімдеріне, егу орындарына, егу ерекшеліктеріне толық тоқталды. Және де әртүрлі егулерде болатын асқынуларға, оларды емдеуге және алдын алу жолдарын атап айтты.
Шеберлік сабақтың қорытындысы бойынша МІН пәні оқытушылары мен жас оқытушылар тәжірибе толықтырды.