(KAZ) Қызылорда медициналық жоғары колледжі кітапханасы оқу залында ҚБ-103 топ студенттері арасында «Мамандығым- мақтанышым» атты ашық тәрбие сағаты өтті
Мамандық – қарапайым өмір сүру болып табылатын және қандайда бір дайындықты,жауапкершілікті талап ететін қызметінің маңызды бөлігі.
Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдармен келеді.Біреулер үшін ойға алған арманының орындалуы,отбасы дәстүрін жалғастырушы,келесі біреулер үшін-жаңалыққа дербестікке талпыныс,үшінші біреулер үшін-әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң және т.б. Мамандықты таңдау үшін,ең алдымен өзін,өз бейімділігін тануы қажет. Дұрыс таңдалмаған мамандық әсері мамандық иесінің ғана емес қоғамға кері әсерін тигізеді.
Тәрбие сағатында мамандық түрі сан алуан әр мамандықтың маңызы бар екендігін көрініс ретінде қойып көрсетті.Оқушыларға сабақ барысында өтілген тақырыптардан сұрақтар қойылды. Өз таңдаған мамандығымыздың маңызын,жауапкершілігін ұғынды.