(KAZ) Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу
31 мамыр күні Қызылорда медициналық жоғары колледжінің кітапханасының оқу залында «Мейіргер ісі» бөлімі 1 курс, 102 топпен Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай топ сағаты өткізілді. Қазақ халқына қасірет әкелген сол бір аумалы-төкпелі жылдарда мыңдаған адам жазықсыз түрмеге тоғытылды, аяусыз атылды, туған жерінен айдалып кете барды. Ұлтын сүйген азаматтар тоталитарлық жүйенің құрбанына айналды. Елі үшін жанын берген әрбір тұлғаның есімі тарих беттерінде алтын әріптермен жазылатыны сөзсіз. Тарихи деректерге сүйенсек, 1927-1953 жылдар аралығында қазақ жерінде 125 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырады, оның 25 мыңы ату жазасына кесілді. Олардың ішінде Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Міржақып Дулатұлы, Бейімбет Майлин сынды Алаш арыстары бар.