(KAZ) Оралхан Бөкей шығармаларындағы ұлттық құндылықтар
Қызылорда медициналық жоғары колледж кітапханасының оқу залында жазушы-драматург Оралхан Бөкейдің 80 жасқа толуына орай «Емдеу ісі – 57» топпен «Кербұғы» шығармасына талдау жүргізілді. Киелі Алтайдың тамаша табиғатын көркем тілмен кестелеген бірегей суреткер көркемөнер көкжиегін кеңейтті, қазақ прозасын көкке көтерген Оралхан өзгелерден озып туып, озық тұрды. Ару Алтай мен Оралхан есімі қазақ әдебиетінде қатар астасып қала берді. Оралханның прозасы өзінің терең өміршеңдігімен құнды. Ол өз оқырманын ешқашан жоғалтып алмайтын шын бақытты жазушы.