(KAZ) Бүгін колледж студенттеріне “Қылмыс пен құқық бұзушылық” тақырыбында ақпараттық түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Кездесуге Т. А. Шагиров ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бөлім басшысы полиция полковнигі; И. А. Құлахметов Қызылорда ОПД экстремизмге қарсы іс – қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры; А. Мамбеталиев ҚПБ ЖПҚБ ЮПБ аға инспекторы полиция майоры қатысып, қазіргі таңдағы қылмыстардың жасөспірімдер тарапынан немесе топтасқан төбелестердің кездесіп жатқандағы, әрбір ата – ана, жасөспірім өзіне де, қоғамға зиян келтіретін нәрселерден аулақ болу, Мемлекетіміздің білімді де, жан – жақты, кәсіби маман болуға ұмтылу керектігі айтылды. Әлеуметтік желі мәдениеті, қоғамдық орта мәдениетін сақтауға шақырды. Білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Арнайы құқықтық сала мамандарымен жұмыстар жалғасатын болады.


